Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыртқы қоршауды бұзып шыққан": Оңтүстік Кореяда әуежайдан Қазақстанның екі азаматы қашып кеткен

Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетті. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші отандасымыз іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

“Азаматтар Оңтүстік Кореяға ү.ж. 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуекомпаниясының рейсімен келіп депортациялық рейсті күткені белгілі. Қазақстанның Сеул қаласындағы Елшілігі осы мәселе бойынша Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста”, – делінген хабарламада. 

Министрліктің хабарлауынша, бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды.

“Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күреске, сондай-ақ азаматтарға елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екендігін атап өткен жөн”, – делінген СІМ хабарламасында. 

"Корея Жаңалықтары" Instagram парақшасына келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады.

Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

"Оқиғанын қалай болғанын Умижан бізге айтып берді. Бұл туралы кейінрек ақпарат беретін боламыз (жалпы кино бұл жағы)", - делінген парақшада.

Инчхон халықаралық әуежайының полиция департаменті мен Инчхон халықаралық әуежайының иммиграциялық кеңсесінің 26-сы күні хабарлауынша, сол күні таңғы сағат 4:20 шамасында қазақстандық А (21) мен В (18) сыртқы қоршаудан асып, әуежайдан шыққан. Инчхондағы Джунг-гу қаласындағы Инчхон халықаралық әуежайының төртінші ұшу-қону жолағының солтүстік бөлігі жағынан қашып кеткен.

"А. мырза мен басқаларына 24-і күні таңертең әуежайдан өтуге тыйым салынды. Олар Инчхон халықаралық әуежайының 2-терминалының жөнелтуді күту залында репатриация рейсін күтіп тұрғаны анықталды. Алайда олар автобус қақпасының терезесін сындырып, терминалдың 1-ші қабатына көтеріліп, ұшу-қону жолағы аймағына шықты. Олар өзге қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге кірмек болған, бірақ елге кіргізбей қойғаны хабарланды", - деп хабарланады парақшада.

Инчхон әуежайының сыртындағы қоршаудың периметрі бойынша қабырғаға тікенді сым орнатылған, инфрақызыл бақылау жабдықтары мен қауіпсіздік сенсорлары сияқты жетілдірілген қауіпсіздік жүйелері жұмыс істейді, бірақ қазақстандықтар сонда да қашып шыққан.

Инчхон халықаралық әуежай корпорациясынан "басқыншылықты анықтау жүйесінде әдеттен тыс сигнал анықталды" деген хабарламаны алғаннан кейін полиция А мырзаның және басқалардың қашып кеткенін растау үшін оқиға орнына жөнелтілген.

"Егер Корея полициясы ұстайтын болса олар 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Корея түрмесін қазақстандықтармен толтырмай, маған байланысқа шықсын көмек беремін. +8210 43589773 ватсап (тек осы іс бойынша жазыңыздар байланыста 24 сағат боламыз) Ескерту Нұрсұлтан сенің тағы 7 сағат уақытың қалды, байланысқа шығыңыз", - делінген хабарламада.

Талқылау