Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы жағымсыз пікір айтатындарды елге кіргізбес үшін арнайы тізім бар екенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы жағымсыз пікір білдіргендерді елге кіруге болмайтындардың арнайы тізіміне енгізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сырты істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров арнайы тізім бар екенін айтты
"Әрине, бұл тізімді жүргізіп жатырмыз, бұл жұмыс тізімін жарияламаймыз", – деді Смадияров брифингте.
Айтуынша, жағымсыз пікір айтатындар үшін шекара жабық.
Сұрақ ресейлік эндокринолог Илья Магеридің Қазақстанға қатысты ақпараттық шабуылына байланысты қойылған. Магери Ресей Қазақстанға басып кіретінін мәлімдеді.
"Миллиондаған аудиториясы бар эндокринолог-дәрігерге жалынды сәлем. Ол өз пікірін білдіргеннен гөрі адамдарды дұрыстап емдеп, өз кәсібімен айналыссын. Ресеймен татумыз, жақсы қарым-қатынастамыз және стратегиялық мемлекеттер ретінде жұмыс істейміз", – деп түсіндірді СІМ өкілі.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді