Сырқаттанды деген Болат Назарбаевтың кішкентай баланың тұсауын кескен бейнежазбасы тарады
Бұған дейін қатты науқастанып қалды деген Болат Назарбаевтың қуанышта аяқтан тік жүрген бейнежазбасы тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр
Бейнежазбаны Ербол Еділов өзінің Тelegram-арнасында жариялады. Видеода тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың тұсау кесер рәсімде жүргенін байқайсыз. Тіпті кішкентай баланың тұсауын кесіп, қолынан жетектейді.
Болат Назарбаев баланың тұсауын кесті, - делінген бейнежазбаға.
Аталған видеоға жазылған пікір көп. Басым бөлігі оның ауырып жатқанын еске салып, мұндай қуанышқа қалай тап болғанына таңғалуда.
Айта кетейік, Stan.kz бұған дейін Болат Назарбаевтің өзінен 33 жас кіші әйелі Динара Мамитекова отбасылық өмірі мен күйеуінің денсаулығы жайында сұхбат бергенін жазған еді.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды