Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 баласы барын білемін": Болат Назарбаевтың әйелі отбасылық өмірі жайлы алғаш рет айтты

Болат Назарбаевтің өзінен 33 жас кіші әйелі Динара Мамитекова отбасылық өмірі мен күйеуінің денсаулығы жайында сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

Фото: Экспресс К

Динара Мамитекова Болат Назарбаевпен Қаскелең қаласында тойда танысқан. Оның сол уақытта кім екенін білмедім деп ағынан жарылған келіншек танысқаннан кейін сезімдерінің махаббатқа ұласқанын айтады. Сөйтіп 2012 жылдан бері Тұңғыш президенттің інісімен азаматтық некеде тұрып келе жатыр екен. 

“Жұбайым үлкен той жасағысы келген, бірақ мен қарсы болдым. Шамадан тыс назарда болуды және сырттан келетін әңгімені қаламадым. Қазіргі таңда екі баламыз бар. Қызымыз төрт жаста, аты Еркежан. Кіші ұлымның есімі Мұхаммед. Жақында туғанына 10 ай болады. Германияда әкесіне операция жасаған кезде дүниеге келді. Сол уақыттан бері бізбен бірге Болаттың үлкен қызы Гүлмира үнемі бірге болды. Кішкентайымызды Герман деп атап, қатты еркелетеді. Кейін біз де солай атай бастадық. Жұбайымның үлкен әйелі (Гүлжан Назарбаева) бізге батасын берді. Күйеуім кішкентай Мұхаммедке қараған кезде одан қуат алады", - деп бөлісті Динара.

Айтуынша, келіншек Болат Назарбаевтың бұрынғы өмірі және қандай адам екенінен хабардар болған. 

“Сол себепті маған ауыр болған жоқ. Керісінше, біз үнемі бір-бірімізді қолдайтынбыз. Мен оның жеке өмірін құрметтеймін. Әкесі мен балаларының арасында ешқашан тұрған емеспін. Ол табалдырықтан аттап, үйге кіргенде біз біргеміз. Ал шыққаннан кейінгі өмір - оның жеке өмірі. Тәтем (Гүлжан Назарбаева) осы қағидамен өмір сүрді”, – дейді әйел. 

Динара Мамитекованың айтуынша, Болат Назарбаевтың 20 баласы бар. 

“Оның 20 баласы туралы білеміз. Өзі кейбіреуін ұмытып та қалған. Бірақ мен әрқайсысының аттарын білемін. Әр жолы оған балалары туралы айтып отырамын. Әр баласының туған күнін жазып алғанбыз. Екінші әйелінен Ербол атты ұлы бар. Бізбен араласып тұрады”, - дейді Болат Назарбаевтың әйелі. 

Сөзінше осы уақытқа дейін жолдасының қасында болғандар тек ақшасы мен оның материалдық жағдайын пайдаланған. 

“Ата-анам бар. Семейдің тумасымын. Әкемнің жасы – 65-те. Жасырмаймын, ол менің тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Бірақ одан кейін шешіміме оң көзбен қарады. Кейде қонаққа келеді. Бізге келген сайын, ол өзінен төрт жас үлкен күйеу баласына массаж жасап береді. Әкем үйге ұзақ келмей кеткенде жолдасым уайымдап, оны сұрай бастайды", — дейді Динара.

Айта кетсек, бұған дейін Болат Назарбаевтың көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Болаттың әйелі Динара Мамитекова бұл ақпаратты теріске шығарды. 

Талқылау