"Сырғаның бір жағын ғана сыйлады": Айнұр Тұрсынбаева көрген түстерінің өңінде орындалатынын жасырмады
Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева көрген түсінің өңінде орындалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Өнер иесі осы күнге дейін есінде қалған түстерін оқырмандарына айтып берді.
“Айтыс сахнасында 30 жыл жүрдім. Бірақ түсті сирек көремін... Есімде қалған 3-4 түсімді айтып берейін... Осыдан 25 жылдай уақыт бұрын Балқашқа айтысқа шақырылдым... Қателеспесем, Ағыбай батырдың 200 жылдық тойы өтті. Жолда пойызда кетіп бара жатып түс көрдім. Түсімде біреу маған алтын сырғаның бір жағын ғана сыйлап жатыр. "Мен мұның жалғыз өзін таға алмаймын ғой, мұны не істесем екен" деп ойланып жатып оянып кетіппін. Сол айтыста бас жүлдені Аманжол Әлтай ағаға бөлістім. Яғни бір машинаны екеумізге ақшалай бөліп берді”, – деп жазды айтыскер ақын.
-
"Қызық кино көріп отырмыз": Айнұр Тұрсынбаева жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгенге кеңес берді
-
"Ауылына асфальт төселсе болды": Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың үйін көрсетті
Одан кейін айтыс әлемінің жұлдызы түсінде құрбысы бүкіл алтындарын тағып алғанын да жазып, өзі де түсінде жиі алтын тауып алатынын жасырмады.
“Бір күні түсімде бір құрбымды көремін. Менің алтындарымды тағып алыпты. Бірақ мен қуанып тұрмын. Менде басқасы бар ғой деген болармын, білмеймін. Шынында ол уақыттарда көп алтыным жоқ еді. Сәл уақыттан соң Созаққа айтысқа шақырту алдым. Бардым, айтыстым. Бас жүлде аппақ жигулиді ұтып алдым. Негізі сол ауылдың баласы Қалижан да керемет айтысқан. Бірақ мені алыстан келген қонақ деп сыйлаған болуы керек, халық керемет қошеметтеп, көлікті маған берді. Мен Қалижанға беріп кеттім. Бергеніме қатты қуандым. Содан кейін Қармақшыға айтысқа бардым. Сол Қармақшы халқының қошеметі әлі есімде. Бірақ бізді жатақханаға жатқызды. Дәретхана далада, бөлме қапырық дегендей, мазамыз қашты. Сол жерде түс көрдім. Түсімде көшеден алтын жүзік тауып алыппын, тағып көрсем тұп-тура. Сол айтысқа тігілген әппақ машинаны мініп кеттім”, – деп жазды суырыпсалма ақын.
Еске салайық, "Не болса соған тиісеміз" деп Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына үндеу жасаған еді.