Синоптиктер күзде ауа райы қандай болатынын айтты
“Қазгидромет” мамандары 2022 жылдың күзіне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес күзде жаңбырлы күндер, құбылмалы ауа райы, мен жылы шуақты күндер де күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда.
Қараша республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында норма шегінде жылы болады деп болжануда.
Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжанды, яғни көбінесе құрғақ болады. Қарашада елдің көптеген облыстарында жауын-шашын климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”