Синоптиктер: Күн 42 градусқа дейін ысиды
Қазгидромет еліміз бойынша 2022 жылдың 7-9 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер болжауынша солтүстік-батыс циклон әсіренен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
“Күндізгі ауа температура солтүстікте 23-30 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 33 жылу, орталықта 27-35 градусқа дейін, шығыста 28-33 градусқа дейін, оңтүстікте 36 градус жылу, оңтүстік өңірлерде 27-35 градус, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 градус жылу болады деп күтілуде. Тек республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді”, – делінген ауа райы болжамында.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан