Синоптиктер: Елімізде алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Қазгидромет 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтілетінін айтады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі өз әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста желдің күшеюі күтіледі", - делінген ауа райы болжамында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”