Синоптиктер елімізде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертеді
Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа-райы жауын-шашынды болады деп болжауда.

Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар Қазақстан аумақтары арқылы жылжиды, сонымен байланысты алдағы 3 тәулікте еліміздің көптеген облыстарында сулы қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп болжануда.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарының ауа-райы Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын, басым түрде жаңбыр түрінде, түнгі және таңертеңгі уақыттарда жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде, тұман болжанады.
Ауа температурасы климаттық мәндерден 3-5ºС-қа жоғары болады. 30 наурызда Республиканың батысында, температура осы кезеңдерге сәйкес қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған