Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райының нашарлайтынын болжады
Синоптиктер елордада, Шымкентте және еліміздің бірқатар облыстарында ауа райының нашарлайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазгидромет мамандары Астанада найзағай, бұршақ пен жел күтілетінін болжады. Ал БҚО, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күн күркіреп, жел соғып, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел болжанды. Шымкентте де найзағай мен жел болуы мүмкін. Абай ауданында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысында және Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, жел күтіледі, жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстауда шаңды дауыл мен желге байланысты ескерту жасалды.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген