AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіңлімнің басы 8 жерден балталанған": Белгісіз жағдайда көз жұмған қарағандылық әйелдің туыстары істі қайта қозғауды сұрайды

Белгісіз жағдайда көз жұмған қарағандылық  әйелдің туыстары тоқтап қалған қылмыстық істі қайта қозғауды сұрайды. Тоғызқұдық ауылының тұрғыны Октябрь Балбидің мәйіті былтыр  ауыл сыртынан табылған. Бұған күдікті ретінде тергеуге алынған күйеуі де артынша асылып қайтыс болады. Облыстық полиция департаменті   соған орай істі жауып тастаған. Ал келіншектің туыстарының айтуынша, оқиғаға қатысы бар өзге адамдар әлі бостандықта жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме беріп.

Яғни, Октябрьдің қайын жұрты тіпті балаларды да нағашыларына көрсетпейтін көрінеді.  

8 ай бойы іздеуде болған Тоғызқұдық ауылының тұрғыны 35 жастағы Октябрь Балбидің денесі өткен сәуірде ауылдан 10 шақырым жерден табылған болатын. Күйеуі Саят Жаманбаев алдымен әйелін жоғалды деп өтірік айтып, 4 айдан кейін балтамен шауып өлтіргенін мойындаған. Осы уақытта кәмелетке толмаған 4 баласын нотариус арқылы әпкесінің атына жаздырып кеткен. Сөйтіп полицияға берілетін күні қорасында асылып қалады. Осылайша "күдікті өлді" деген себеппен іс жабылған.

“Қылмыстық іс күдіктінің өліміне байланысты тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тиісті шаралар жүргізілді. Октябрь Балбидің өліміне туыстарының қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтар расталған жоқ”, – дейді Қарағанды облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Алайда марқұмның әпкесінің айтуынша сіңлісінің өліміне қатысы бар қайын жұрты бостандықта жүр. Олар әйелдің денесін тез арада жасыруға көмектескен.


Нұр-Сұлтанда көп балалы ана жоғалып кетті 


“Жаманбаевтың туыстарына қатысты көптеген адамдар тергелмей, беттестіруге келмей қалды. Біз прокуратурадан істі қайта сараптап, уақытын ұзартып беруді сұраймыз. Менің сіңлім Балби Октябрьді Жаманбаев Саят жалғыз өлтірді дегенге сенбейміз. Себебі қысқа уақыттың ішінде адамды өлтіріп бірнеше сағаттың ішінде 12 шақырым жерге апарып көміп тастады. Сіңлімнің басы 8 жерден балталанған. Сол уақытта шашыраған қанды кім жуды? Бұған көмектескен адам бар деп есептейміз”, – дейді марқұмның әпкесі Сайран Балби.

Октябрь Балбидің 4 кәмелетке толмаған баласы қазір әкесінің әпкесінде. Балаларды еріктерінен тыс нотариус арқылы  ғана иемденіп алған әйел оларды нағашыларымен кездестірмейтін көрінеді. Марқұмның туыстарының айтуынша,  балалар теперіште, таяқ жеп жүр. Алайда аудандық  қамқорлық бөлімі бұл жағдайға мән бермей отыр дейді.

“Балби Октябрьдің артында кәмелетке толмаған 4 баласы қалды. Осы балаларды іске қатысы бар деген Байахметова ұстап отыр. Сіңлім қайтыс болғанын білмей жатып 10 күннің ішінде құжаттандырып алған.Нағашылары балаларды көруге барған кезде бізді сотқа берді. Сот және бала қамқоршылық ұйымынан балаларды нағашыларымен кездесіп тұруға мүмкіндік жасап шешім шығарып берсе деп талап етеміз”, – дейді марқұмның әпкесі.

Октябрь Балбидің туыстары жиендері үшін қатты алаңдайды. Ата-анасыз қалған бүлдіршіндермен араласу мүмкін болмаған соң сотқа шағымданған.  Жағдайға құзырлы қамқорлық органдары араласып, балаларға отбасын таңдау құқын беруді сұрайды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр