Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Синий кит" арнасының авторы 9 жылға соттады

Ресейде "Синий кит" арнасының авторы Илья Погибалов 9 жылға соттады. Погибалов өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Новосибирск сот басқармасы

Погибаловқа өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге бағытталған әрекетті ұйымдастыру, интернеттегі топ арқылы кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу және кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту баптары бойынша айып тағылған. 



Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылы Погибалов басқа адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығының нәтижесінде "Синий кит" арнасын құрған. Ол арнасының жазылушыларын "өз-өзіне қол жұмсауға дайындау үшін арнайы тапсырмалар орындауға" итермелеген. Айыптауға сәйкес, Погибалов өз құрбандарын суицидке дейін жеткізуді мақсат еткен.

Погибалов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса төрт жыл бойы кез келген интернет-ресурсты басқаруына тыйым салынды.

 "Синий кит" —жасөспірімдерге тапсырма беру арқылы өз-өзіне қол жұмсауға апаратын ойын. Бұл тапсырмалар жалған атпен тіркелген кураторлар арқылы берілген.

Еске салсақ, Ресейде "Синий кит" ойыны арқылы балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін түрмеге жабылған азамат мектептерде патриотизм туралы дәріс оқып жүр.

 

Талқылау