Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда сынықшыға барғаннан кейін қолынан айырылған баланың ата-анасы жауапқа тартылмақ

Сынықшыға емделгеннен кейін қолын кесіп тастаған баланың ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға Маңғыстау облысының Қызылсай ауылында болған. 8 жасар бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алады. Бұны көрген жасөспірімнің ата-анасы медициналық көмекке жүгінудің орнына балаларын ауыл емшісіне апарады. Біраз уақыттан кейін баланың қолы жансыздана бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, егер ата-анасы баланы емханаға әкелмей үйде тағы бір апта емдегенде қайтыс болуы мүмкін екен.

“Ата-анасымен әңгіме жұмыстары жүргізіліп, үйдің тұрмыстық жағдайы тексерілді. Балаға психологиялық және әлеуметтік-материалдық көмек көрсетіледі. Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы комиссия отырысында баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар айтылды”, – дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы Жамбыл Базарбаев.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 8 жасар бала сынықшының салғырттығынан бір қолынан айырылды. Дәрігерлер баланың қолын аман алып қала алмады.

Бұдан соң баланың анасы "тағдыры солай жазылған” деп айтып, емшіні жауапкершілікке тартпайтынын жеткізген болатын.

Талқылау