Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сынған сүйек жазылмай, басқа ағзаларды бүлдірген": Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке ота жасалды. Түркия қаласында ем алып жатқан өнер иесі денсаулығының жақсы, отаның сәтті өткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, ота дер кезінде жасалған.  

“Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт! Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де, “быламыққа тіс сынатынын” білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың”, – дейді айтыскер ақын. 

Өзінің айтуынша, бір жарым жыл бұрын аяғын сындырып алған. Әртүрлі отасыз ем жасап көрсе де, сүйек бітпеген. Сынған сүйек жазылудың орнына басқа да ағзаларды бүлдірген көрінеді. 

“Ал енді аяқ астынан апатқа ұшыраған немесе отты ошақтарда үйіне бомба түсіп, қансыраған халде пышаққа түсіп жатқан бауырларды ойлағанда, жағдайларын шынайы түсінгенде аза бойың қаза болады…
“Ия, Алла, бізге көтере алмайтын ауыр сынақ берме, ал қиындықтан күйзеліп жатқандарға жеңілдігіңді жібер”, деп күбірлеп, дұға қылғаннан басқа қолдан келер шара жоқ… Өзге бауырыңа бір ауыз болса да дұға тілеу үлкен ғибадат екен. Себебі, сондай бір дұға қылып жатқан құлын көрсе Ұлы Алла оның қасына екі періште жібереді екен. Екеуі екі жақтан тұрып, әлгі дұға қылушыға: “Тілгенің өзіңе де болсын!” деп, “амин” айтып, Аллаға шүйіншілей жеткізеді екен… Пенденің пендеге тілегі қабыл болар, болмас, бірақ періште “әмин” десе, оның тілегі Аллаға сөзсіз көтеріледі екен. Сонда біз өзгеге тілектестік білдірумен өзімізге міндетті түрле қабыл болатын үлкен игіліктің иесі болады екенбіз. Қазір қоғамда қатыгездік те, қаталдық та жетіп артылады. Бір кездегі жомарт бабаларымыздың жауына жасаған қарым-қатынасын қазір біздер жақынымызға жасай алмай жүрміз. Төңірегімізде адам жоқ емес, дастарханымызда тамақ жоқ емес, бәрі бар. Бірақ адамдарда адамгершілік азайды, дастархан басынан береке қашып жатыр…”, – деп жазды медиа-менеджер. 

Желі қолданушылары мен өнер жұлдыздары сүйікті айтыскер ақынына сауығып кетуін тілеп жатыр.  

 

Талқылау