Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сынап жатқандардың бәрін бұғаттаймын": Динара Сәтжан не үшін шетелдік өнер жұлдыздарына шапан жабатынын түсіндірді

Белгілі тележүргізуші, дизайнер, кәсіпкер Динара Сәтжан бағдарламасына қонақ болып келетін шетелдік өнер жұлдыздарына қандай сыйлық беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/

Жақында тележүргізушінің авторлық бағдарламасына америкалық әнші Akon мен ресейлік әнші Ксения Собчак қонақ болып келді. Оларға ұлттық дәстүрімізді насихаттау негізінде бағдарлама ұжымы шапан жапқан еді. 

“Қонақжайлық – біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақтың даналығы: "Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама" дейді. Содан кейін мен – отандық киім өндірушісімін. Менің дүкенімде 30-ға жуық қазақстандық бренд бар”, – деп әңгімесін бастады тележүргізуші. 



Айтуынша, америкалық әншіге берген сыйлығы желі қолданушыларының наразылығын тудырған. “Шетелдіктер бәрібір шапанның құнын түсінбейді” деп айыптаған еді. 
“Мен Akon-ға шапан сыйлағанда, көпшілік "неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын. Сіздерде бәрі жақсы ма?! Сіз қазақ емессіз бе?! Ат мінгізіп, шапан жабу – біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ, мен – қазақпын. Қаным – қазақ! Иісім – қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін бұғаттап тастаймын”, – деп ашуланды тележүргізуші. 

Еске салайық, продюсердің америкалық әншіге шапан жауып, сынға қалғанын жазған едік. 

 

Талқылау