СІМ Оңтүстік Кореяда қаза болған қазақстандықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың өлімі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол қаза тапқандардың туыстарымен байланыс орнатылғанын айтты. Елшіліктің консулдық бөлімі, СІМ өкілінің айтуынша, барлық қажетті құжаттарды ресімдейді және азаматтардың денелерін отанына қайтару бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда Қазақстанның екі азаматы жазатайым жағдайдан қаза болғаны хабарланды. Оның бірі ер адам болса, екіншісі әйел азамат. Белгілі болғандай, 20 жастағы жігіт Түркістанның, 50 жастағы әйел Нұр-Сұлтанның тұрғыны.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?