Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ қазақстандықтардың құқықтық сауатын арттыруға атсалыспақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Абишев пен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының облыстық үйлестірушісі Дәулет Сейтпеков Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.

Осы орайда, кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Мұрат Ибраев сала бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтті. Одан әрі, Жаслан Мейірманұлы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары күшейтуге тапсырма беріп, жауапкершілік танытуға шақырды.

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткен шараға 70 жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.Сонымен қатар Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқарамасының "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" атты мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен Жаңаарқа ауданында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Абишев пен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының облыстық үйлестірушісі Дәулет Сейтпеков қатысып, полиция қызметкерлерімен диалог құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң туралы және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бойынша пікір алмасты.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Абишев және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының үйлестірушісі Дәулет Сейтпеков Жаңаарқа жастарымен кездесіп, сәтті қолданылып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, жағдайды жақсарту үшін тағы не енгізу керек екендігі және әрбір азамат өзінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қалай үлес қоса алатынын талқылады.

Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" атты мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен бірлесіп халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құрылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ" көшпелі акциясы Жаңаарқа ауданынан бастау алды.

Акцияның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға тегін кеңес беріп, көмегін көрсету.

Акцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер, соның ішінде заңгерлер, облыстық басқарма өкілдері қатысты. Азаматтардың өтініштері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмысқа орналастыру, медицина мен субсидиялар алу салаларына қатысты болды.

Азаматтарға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жекелеген сұрақтар мәні бойынша шешілгенге дейін бақылауға алынды.

Талқылау