Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден бір миллион доллар талап еткен алаяқтарды ұстады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органының қызметкерлері ретінде таныстырып, күзет фирмасының басшылығынан 1 миллион доллар талап еткен алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар фирма басшылығына олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпауы және жалпы қамқорлық еткені үшін қаржы талап еткен.
"Алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды. Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"