Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы ТЖД басшысына қатысты іс қозғады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы nөтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство бұл істің қай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.
Азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қасыбаев 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істейді.
2015-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы болды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"