"Шұңқырға көміп кеткен": Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті үй ауласынан табылды
Алматыда Түріксіб ауданындағы үйлердің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Оны зорлықпен өлтіріп, шұңқырға көміп кеткен. Полиция бөліміне “адам жоғалғаны” жайлы арыз түскен. Ер адам досымен жолығам деп кетіп, үйіне сол күйі оралмаған. Соған алаңдаған туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері үй аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, жоғалған адамның мәйітін тапты. Күдікті де анықталған.
“Қылмыс орнында инспекторлар сол үйде тұратын күдіктіні ұстады. Бір нұсқа бойынша, ол кісі өлтіруді бірге ішімдік ішкеннен кейін жасаған: алдымен ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан”, – дейді қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ