Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 8 адам газға уланып ауруханаға түсті

Шымкент қаласында бес бала мен үш әйел газға уланып ауруханаға түсті. Оқиға Жайлау шағын ауданында түнде болған. Сағат таңғы 5-те гипербарикалық оксигенизация орталығының токсикологиялық бөліміне газға улану фактісі бойынша 8 адам түсті. Түн ортасында таныстарының үйіне қонаққа келген әйелдердің бірі жағымсыз иістен басы ауырып, қалғандарын оятқан.

Ауруханаға түскен бес баланың төртеуі жеңіл уланып, үйлеріне жіберілді. Ал үш әйел мен тағы бір бала жағдайлары оңалғанша токсикология бөлімінде болады. Бұл туралы TVK арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«27 ақпанда сағат таңғы 5:20 да газға улану фактісімен токсикология бөліміне екі отбасынан 8 адам түсті. Газдың иісіне қатты уланған үш ана мен бір бала токсикология бөлімінде емделіп жатыр. Олар тиісті емдеуден өткеннен кейін ғана үйлеріне жіберіледі»,-деді Орталық денсаулық сақтау орталығының токсикология бөлімінің бастығы Асылхан Мыңбосынов.

Оқиға орнында газ қызметінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облысында улы газдан 7 адам қаза тауып, тағы 3 адам зардап шеккен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол-көлік апатынан тоғыз адам аурухаға түсті

Қызылордада оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды

ШҚО-да шанамен сырғанаған оқушы қыз мерт болды

Алматы облысында еріген қар мен жаңбыр суы тұрғындарға қауіп төндірді

Талқылау