Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентке республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі берілуі мүмкін

Желіде Шымкент қаласына республикалық мәртебе беру туралы шешім қабылданған ведомствоаралық жұмыс тобының мәжілістегі хаттамасының суреті пайда болды. Құжатта сондай-ақ, ОҚО-ның облыс орталығын Түркістанға ауыстыру туралы жазылған.

Құжатқа қарағанда, ведомствоаралық жұмыс тобының мәжілісі 27 наурызда өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жиналысқа қатысушылар мәселелерді талқылаған соң Шымкентке республикалық мәртебе берілетін кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйесін әзірлеген.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі Астана мен Алматыға ғана берілген.

Сәйкесінше, егер Шымкент республикалық маңызы бар үшінші қала болса, онда Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болады.

Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тек екі қала, сондай-ақ 14 облыс бар.

Республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі мемлекеттік маңызы бар немесе халық саны миллионнан асатын қалаға беріледі. Ал 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша Шымкент тұрғындарының саны 943 085 адамды құрады.

Сурет: Википедиядан алынған

Оқи отырыңыз:

Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің алдында билеген қыздар жазаланатын болды

Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет көмектесетін болды

Астанада мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар төлемі теңестірілді

Мектеп оқушысын соққыға жыққан әкімнің ісі Ақмола облыстық сотында қаралуда

Талқылау