ШҚО-да шопан тасып жатқан өзенде жанталасып жатып мерт болды
Шығыс Қазақстан облысында өзеннен азық-түлік өткізіп жүрген ер адам суға кетіп қаза тапты.
Азық-түлікті жеткізу үшін жүз шақырымдық жол жүруді қаламаған шопандар жүкті өзен жағаларының арасына керілген арқан арқылы өткізіп отырған, деп хабарлайды Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару отрядының баспасөз қызметі.
Бұл әдіс жол шығыны мен уақытты үнемдеген екен. Алайда күндердің бір күнінде бұл жүйеден ақау шығады: азық-түлік салынған қап 20 метрлік арқан жолдың дәл ортасына келіп тұрып қалады. Орнынан қозғау мүмкін болмағандықтан, 47 жастағы шопан керілген арқаннан ұстап барып, жүкті алып шықпақ болған.
“Дене салмағы мен мұзды судың күшті ағынына төтеп бере алмаған ер адамның қолы арқаннан шығып кетеді. Шопан 200 метрдей өмір үшін жанталасып күресуге тырысқанымен, куәгерлер ешқандай көмек көрсете алмапты”, — делінген хабарламада. Суға кеткен ер адамның денесі оқиға орнынан бес шақырымдай жерде табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті
Метро есігіне басы қысылып қалған әйелге ешкім көмектеспей қойды (видео)
4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)