Швеция карантиннен бас тарту қателік екенін мойындады
Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелл коронавируспен күресте өзі ұсынған әдістің қате болғанын мойындады. Андерс елде карантин жариялауға қарсы болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл індет туралы қазір білетін мәліметтерімізді сол кезде білгенде біз қазіргі Швецияда жасалған іс-әрекеттер мен бүкіл әлемдегі карантиннің ортасындағы жолды ұстанатын едік", - деді Тегнелл швед радиосына берген сұхбатында.
Оның пікірін елде коронавирустан көз жұмғандардың көп болуы өзгертті.
"Біздің Швецияда қолданған әдісімізді бұдан гөрі жетілдіріп, әлдеқайда жақсартуға болар еді", - деп атап өтті эпидемиолог.
Журналистің "Швецияда коронавирустан көп адам көз жұмды деп санайсыз ба?" деген сұрағына бас эпидемиолог "Иә, ол рас" деп жауап берді.
Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сүйенсек, Швецияда 40803 адам індет жұқтырған. 4542 адам көз жұмды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр