Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шу қаласындағы екі баланың кәріз суына батып кетуі: Ата-аналар әділдік сұрайды

Жамбыл облысының Шу қаласында кәріз суына 2 бірдей бала батып кетті. Марқұмдардың ата-аналары қауіпті жердің қоршалмай тұрғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиға айдың басында болса да, әлі күнге дейін қауіпсіздікке қатысты ешқандай қарекет көрмедік деп отыр.

Қайғылы оқиға 9-ші шілде күні Шу қаласында дәл осы кәріз суы жиналатын жерде болған. 10 жастағы 3 бала ойнап жүріп, құстарды ұстаймыз де төбешікке шығыпты. Алайда, біреуінің аяғы тайып суға кетеді. Екіншісі құтқарамын деп ол да артынан батып кеткен.

Көмекті шақырған үшінші бала. Қала тұрғыны жүгіріп келгенде бүлдіршіндердің денесі судың бетінде қалқып жатқан. Дәм-тұзы небәрі 10 жасында таусылған Айбектің анасы бұған жергілікті шенеуніктерді кінәлайды. Қауіпсіздік талаптары сақталғанда, бұлай қайғылы жағдай болмас еді деп жылап отыр.

“Әлі күнге дейін ешкімнен ешқандай әрекет жоқ. Мен өткенде айтқанмын хотя бы сетка қойсыншы деп. Бүгін келіп қарасақ сетка да жоқ. Ешбір ананы баламен сынамасын. Кеше жүрген балам бүгін жоқ. Тағы кім кепілдік бере алады тағы сондай жағдай қайталанбйтынына. Қоршау ештеңе болмаса”, –дейді А.Сағымбайдың анасы Света Шалбаева.

Бұл нысанның қауіпті екені тақтайшада да жазулы тұрғанымен, еш жерінде қоршау жоқ. Емін еркін кез келген адам кіріп шыға береді. Қайғыдан қан жұтқан Айбектік анасы нысанның әлі күрге дейін не үшін қадағалаусыз тұрғанын түсінбей отыр. Ал, тәртіп сақшылары 2 баланың өліміне қатысты тергеудің әлі жалғасып жатқанын жеткізді.

“Аталған дерекке қатысты адам өлімі бойынша тергептексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу әрекеттері жалғасуда”, –дейді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Ал, кенжелерінен қапелімде айырылған екі отбасының ендігі жалғыз тілегі - қауіпті судың қоршалғанын немесе түбегейлі жабылғаны.
 

Талқылау