Шпекбаев қызметінен кетті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қауесет жайлы түсініктеме жасады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ғаламторда пайда болған ведомство бастығы Алик Шпекбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Ербол Еділовтің Telegram-арнасында пайда болды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді. Зейнет жасына жетуіне байланысты отставкаға кету туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайтын болады", - деп жазды Telegram-арнаның авторы.
Агенттік өкілдері хабарлама шындыққа сай келмейді деп мәлімдеді.
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті 2019 жылдың маусымынан бастап басқарады. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.
2020 жылы 4 шілдеде ол 63 жасқа толады.
Талқылау
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады
"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр