Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шойнаңдап не істеп жүрсің": Қайрат Әділгерей әйелі мен Бағлан Әбдірайымов туралы

Қайрат Әділгерей әйелі мен Бағлан Әбдірайымов туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zhenis Show бағдарламасына сілтеме жасап.

Шойнаңдап не істеп жүрсің: Қайрат Әділгерей әйелі мен Балан Әбдірайымов туралы айттыЖақында ғана белгілі әзілкештің жары Бақыт Тұрман Бағлан Әбдірайымовпен бірлесе отырып бейнебаян түсірген. Халық бұл туындыны ерсі қабылдап, күйеуі бар келіншек неге Бағлан Әбдірайымовқа сезімін білдіріп жүр деп сөккен. Бұл туралы Қайрат Әділгерейдің өзі айтып берді.

Туындыда екеуінің арасындағы махаббат болды, масқара болды дейтін ештеңе жоқ, айырылысып кеткен, қосыла алмай қалған ғашықтарды ғана бейнелейді деп шорт кесті ол. Қайрат Әділгерей әйелі Бақыт Тұрманның біреуді құшақтамақ түгілі, тойға шығуға ұялатынын айтып та мақтанды.

"Ол төсекте жатып, суретті құшақтап жатқанда мен мына жағында шетінде тұрмын ғой. Сен не істеп жүрсің шойнаңдап ана әйелдің қасында десеңізші. Негізі Бағлан мен Бақыттың локациясы екі түрлі жерде түсірілді. Екеуі сол күйі қосыла алмай кетті. Мен өзім сондай әндер айтқызамын. Қоштасу, айырылысу туралы. Егер басы бос әйел болса, оны сөкпейді ғой. Оның үстіне, Бақыт - ұстаз ғой", - дейді әзіл араластыра Қайрат Әділгерей.

Талқылау