"Көзіңді аш, шошқа": Алматыда автобуста жүкті әйелге орын бермей, балағаттаған шетелдік жұрттың ашуын туғызды
Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде туған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Автобуста жүкті әйел егде ер адамнан орын сұраған. Видеодан шетелдік азаматтың бос орынға жеміс толы жәшігін қойып қойғанын көруге болады. Ол орын беруін сұраған келіншектің өтінішін орындаудан бас тартты. Онымен қоймай, әйелді балағаттап, дөрекілік көрсетті.
“Көзіңді аш, шошқа” дейді ер адам міз бақпастан.
Желідегі видеоны көрген адамдар оны Эндрю Нил есімді британиялық журналист десе, енді бірі жергілікті тұрғын екенін айтты.
Liter.kz порталының мәліметінше, Алматы полициясы болған жағдайға қатысты тексеріс бастаған.
@leila5179 Наглый гость города Алматы решил что для ящика с его ягодами должно быть отдельное место, на просьбу беременной девушки убрать ящик отказался это делать начал оскорблять
♬ оригинальный звук - Leila
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген