Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 11-12 жасар қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген

Защита стансасының ішкі істер желілік бөлімшесінің қызметкерлері жүріп келе жатқан жүк пойызының вагонына секіріп мінген 3 жасөспірімді ұстады.

Жасөспірім қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген  Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhasospirim-kyzdar-zhurip-kele-zhatkan-poyyzga-sekirip-mingen_a3230518

Көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тосын оқиға «Жаңа Өскемен» стансасының жұмыс паркінде болған. «Құқық  бұзған 11-12 жастағы қыздар Защита стансасының ішкі істер желілік бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерде олар жүріп келе жатқан жүк пойызына серуендеу мақсатында секіріп мінгендігі анықталды. Олармен ата-аналарының қатысумен алдын алу әңгімелесуі жүргізілді», – делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың басынан бері Көліктегі ішкі істер департаментінің және оның желілік бөлімшелерінің әкімшілік полиция қызметкерлері темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 9799 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сонымен қатар жүк және жолаушылар пойыздарының 354 рет шұғыл тежегішті іске қосқаны тіркелген. Оның 184-і адамдардың, 142-сі малдардың жол бойында болуы себеп.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында депуартамент қызметкерлері осы жылдың өткен кезеңі ішінде 430 рет кезенді рейдтік шаралар өткізіп, 173 рет халықпен жиын өткізді. «Жедел алдын алу жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан темір жол нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері жалғасуда. Көлік полициясы темір жол қауіптілігі жоғары нысан екендігін ескертеді», – деп атап өтеді ведомстводан.

Оқи отырыңыз:

3-уі жарақат алып, біреуі көз жұмды: Астанада терезеден құлаған балалар тағы көбейді 

Көкшетауда келіншегін қасақана өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Талқылау