Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғындары бір жарым метрлік қасқырды қолға түсірді

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары үлкендігі бір жарым метр қасқырды ұстап алды. Ол бірнеше қой мен құлынды өлтіріп, тіпті адамдарға шабуыл жасаған.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қасқырдың бұл түрі көкжал деп аталады. Ол қасқырдың ең ірісі, көшбасшысы. Оны қолға түсірудің өзі үлкен сәттілік. Көкжалдардың шабуылы туралы арыздар Тарбағатай, Зайсан және Күршім аудандарынан түскен. Бұл жерде жағдай өте күрделі. Қасқырлардың балалайтың уақыты келгендіктен, қарны аш көкжалдар ауылдарға шабуыл жасайды. Тұрғындар мал қораларын қарауылдап, қасқырлармен күресуге мәжбүр болған.  Шамамен биыл өңірде 2 мыңнан астам қасқыр бар. Жақында олардың жартысын жойып тастау туралы шешім қабылданды. Бірақ ауа-райының қолайсыздығынан аңшылар қасқырлардың тобырына жете алмай жүр. Тұрғындар оларды ауылдарда күтетін көрінеді. Аңшылардың белсенділігін арттыру үшін мемлекеттік қолдау қажет.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы операциялық бөлімшесінің орынбасары Васили Ткаченконың айтуынша, биыл қар қалың түспеген. “Қасқырды қолға түсіру айтарлықтай қиын шаруа емес. Әдеттегідей қолға түсіру мүмкін емес. Біздің өңірде қиындық тудыратын жерлер көп. Сондықтан, оларға тұзақ құрғаннан басқа амалымыз жоқ», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Астана тұрғыны пәтерінің суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізді

Алматыдағы сауда үйінен сатып алынған балықтың ішінен құрт шықты

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің алған сыйлығы да пара деп есептеледі

40 градус аязда сырт киім кимейтін қарағандылық қария елді таңдандырды

Талқылау