Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-лық тергеуші 26 жыл бұрын әкесінің қызына жазған хатын тауып, иесіне табыстады

ШҚО тергеушісі Айдана Серікова 1996 жылы Риддерде жасалған қылмысты тергей келе әкесінің қызына жіберген хатын тауып алды. Ол араға 26 жыл салып, марқұмның туыстарына аманатын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Айдана Серікқызы істі тергей келе кісі өлтіргендерді анықтады. Оған қосымша, тергеуші қаза болған ер адамның қызы мен жұбайы Надежда Лавриковаға жазып, бірақ жібере алмай қалған хатын тапты. 

Тергеуші марқұмның туыстарын әлеуметтік желі арқылы іздеп, бір ай дегенде тапты. Қазір анасымен бірге Самарада тұратын қызына 26 жыл бұрын алуға тиіс болған хатты жеткізді. Сондай-ақ тергеуші бейнебайланыс арқылы марқұмның жесірімен тілдесті. 



Айдана Серікқызы хатты жоя алмағанын айтады. Себебі онда "бір адамның өмір тарихы, қызы мен әйеліне жеткізе алмаған махаббаты, сағынышы бар". 

Талқылау