Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек

29 жастағы футболшы Вячеслав Эрбес демалыс күні жол апатына ұшырады. Оның қазір жағдайы ауыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

98319_b0

Бұл туралы футбол федерациясының менеджері Сергей Дурницин айтып берді. Науқастың жұлынына ота жасау үшін Астанадан Өскеменге нейрохирург шақырылған.

«Барлық жаннан көмек сұраймыз. Резуз-факторы аса маңызды емес. Қандай болса да қан тапсыруларыңызды өтінеміз», – деп футболшының әріптестері көмек сұрады.

Сонымен қатар оның достары мен әріптестері апатқа куә болған жандардың куәлік беруін сұрады.

Жол апаты өткен демалыс күні болды. Екі көліктің соқтығысынан бір көлік бірнеше рет аунап түсті. Көлікте Вячеслав жолаушы болған.

«Ол қазір ессіз күйде жатыр. Отаның қалай болатынын күтеміз», – дейді Дурницин.

Тағы да оқыңыз:

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Төрт қызметкерінің сотталушыны зорлауына жол берген түрме басшысы сотқа тартылды

Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері хәл үстінде жатыр

Талқылау