ШҚО-дағы ауданда 20 үй өртеніп кетті
Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданының аумағындағы саяжайда 20 үй жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Қатты желдің кесірінен қураған шөп пен ағашқа тиген жалын қаулап бас-аяғы 1 сағаттың ішінде 20 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге сол маңдағы темір жолдың техникасы көмекке келді.
Қазір саяжайдағы кейбір үйлердің іргетасы ғана қалған. Қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ауданда арнайы комиссия құрылып, шығын мөлшері нақтыланып жатыр.
"Қазір өрт ошағы болған жерде арнайы зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр. Оттың бастапқы тұтанған жерін нақты анықтайтын болады. Әзірше әр түрлі болжам бар", - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"