ШҚО-да жедел жәрдем қызметі зейнеткерді жүк көтергішпен тасымалдаған
Шығыс Қазақстанда қар қалың жауып, салдарынан көліктер жүре алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алтай қаласында екі күннен аса қар жауып тұр. Жеке секторда жолдарды қар басып жатыр.
Қалың қардың кесірінен жедел жәрдем көлігі шақырту орнына жете алмаған, ал егде жастағы әйелге көмек керек болды. Медицина қызметкерлері жолға жаяу шығып, егде жастағы әйелді жүк көтергіштің артқы жағында тасымалдауға тура келді.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да қар көшкіні жолды жауып тастағаны айтылды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"