ШҚО-да Ресей азаматтығына өткен 76 жастағы тұрғын екі елден де зейнетақы алып отырған
ШҚО-да Ресей азаматтығын алған 76 жастағы қазақстандық екі ел тарапынан да зейнетақы төлемдерін алып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай ауданының тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алған.
Ал 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткеннен соң әйел Қазақстан мен Ресей тарапынан зейнетақыны бірдей алып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 13 миллион теңгеден астам шығын келген.
Деректерге сай енді шетел азаматынан қазақстандық құжаттар тәркіленіп, ҚР-ның азаматтығынан айырылды. Сонымен қатар құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігімен 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды