Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полиция қызметкері ер адамды қағып өлтірді

ШҚО-да жеңіл көлік айдап келе жатқан полиция қызметкері 22 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-News.kz-ке сілтеме жасап. 

полиция

Оқиға 2 қазан күні Өскемен-Семей тас жолының 25-ші шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 22 жастағы жігіт достарымен бірге келе жатқан көлігінен дөңгелекті ауыстыру үшін түскен. Осы кезде оны өтіп бара жатқан "Лада" көлігі қағып кетті.

Зардап шеккен адам алған жарақатынан көз жұмды.

"Лада автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкері болып шықты. Ол белгілі бір себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша “Абайсызда өлімге әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу” сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері жол-көлік оқиғасынан кейін жұмыстан шығарылғанын түсіндірді.

Баспасөз қызметі сондай-ақ полиция бөлімінің басшылығы марқұмның туыстарымен кездесіп көңіл айтты. 

Талқылау