ШҚО-да қисық-қыңыр салынған жол белгісі желі қолданушыларын күлдірді (видео)
Желі қолданушысы Шығыс Қазақстандағы жол сызығын видеоға түсріп, жүртті күлдірді.

Скриншот © YouTube Ольга Дудкова
Автордың айтуынша, бұл Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданындағы жол.
Видеодан байқағанымыздай, жол белгісі бір жерінде түзу, бір жерінде қисық. Тіпті кей жерінде жолдың шетіне шығып кеткен.

Бір қарағанда жол белгісін мас адам сызған секілді көрінеді Жолдың ортасында жол белгісі бөлік-бөлік болмай, бірдей ақ түзу сызық болып кеткен. Видеоға түсірушілер мұны “апатты жер” деп әзілдеді. Өйткені бөлінбеген түзу сызық апаттық жер ретінде саналады.

Жол белгісі соңына қарай екі сызыққа ұласып кетеді. Мұны көрген ролик авторлары да, желі қолданушылары да күлкісін тыя алмады.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында автобус аударылып, бірнеше адам қаза тапты
Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған
Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"