ШҚО-да 21 жастағы жігіт әкесінің үйінен шығып, жоғалып кетті
Бес күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы Анатолий Петрусенко жоғалып кетті. Жігіт әкесінің үйінен кетіп, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 2 мамырда Өскемен қалалық ІІБ Ертіс полиция бөліміне әйел адам 2000 жылы туған ұлы Анатолий Петрусенконы іздеуге көмек сұраған.
30 сәуір күні жас жігіт Глубокое ауданы, Каменный карьері ауылындағы "Спутник" бағбандық қоғамында тұратын әкесінің үйінен шығып, содан бері хабарсыз кетті.
"Полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"