ШҚО-да 12 жасар оқушы қыз асылып қалды
14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында асылып қалған 12 жасар мектеп оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, оқушы қыздың асылып тұрған денесі ол тұратын пәтерден табылған. Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, ҚР Қылмыстық кодексінің«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сот сараптамалары белгіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Зыряндағы №6 орта мектептің оқушысы атасымен бірге тұрып келген, анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Полиция жасөспірім қыздың өлімінің себептерін анықтап жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда табылған егіз баланың өліміне күдікті ата-анасы өзіне қол салмақ болған
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"