Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-ның түнгі аспанын жарқыратқан құбылыс метеорит болуы мүмкін (видео)

ШҚО аспанына үлкен жарылыс пен дауыл әкелген жарық құбылыс метеорит болуы мүмкін. Бұл болжамды астрофизикалық институт ғалымдары растап отыр. Тұрғындар ерекше құбылысты видеоға түсіріп алған.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Еске сала кетейік, 16 ақпанда сағат 20:43-те Өскемен тұрғындары аспанда жарқыраған көгілдір құбылысты көрді. Бір сәт айналаның бәрі жарқырап кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, бұл құбылыс үлкен жарылыс болғандай әсер еткен. Кейін қатты дауыл орнаған. Осының бәрі бірнеше секунт ішінде болған.

Осыдан кейін сағат 20: 45-те белгісіз ұшып жүрген құбылыс туралы хабарламалар тарап кеткен. Оны тек өскемендктер ғана емес Аягөз, Серебрянск, Риддер және Семей тұрғындары да көрген. Олардың көбі не болғанын түсінбеді, алайда бұл метеорит деп болжағандар да бар.

Бұл құбылысты метеорит деген пікірге астрофизикалық институт профессоры Виктор Тейфель де келіседі.

«Бұл болидке немесе метеоритке ұқсас. Олар бізден бірнеше қашықтықта болды. Апат ауа қабатына секундына 10 шақырыммен келген, сондықтан да үлкен жарылыс болған сияқты көрінді. Мұндай құбылыстар жердің әр түрлі жерінде күнде болып тұрады. Жер үлкен болғаандықтан біз олрды көре бермейміз», – дейді астро-физик.

Тағы оқыңыз:

Басымды үйде ұмытқан жоқпын: Модельдер қолдарына өзінің басын ұстап шықты

Жылқы қожайынын құтырған иттен құтқарып қалды

Дәрігерлер өзінің әулиелігі барын айтып сендірмек болған жеткіншектің өтірігін әшкерелеп берді

Сұлулық блогері қасын балықтың құйрығына айналдырды

Талқылау