Жасырын бөлмелер мен бильярд үстелі: Семейдегі зауыт директорының кабинеті көрсетілген видеоға жемқорлыққа қарсы агенттік түсінік берді
Семейдегі зауыт директорының кабинетіндегі құпия бөлмелері көрсетілген видеоға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"19 қазанында бұқаралық ақпарат құралдарында "Семей машина жасау зауыты" АҚ директорының кабинетінің бейнежазбасы жарияланды.
Бейнежазбаны "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ басшысы Т.К. Әбдірахманов жүргізді.
Семей машина жасау зауыты "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ-ның қарамағындағы зауыт болып табылады.
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 млрд теңгеден асты", - делінген мәліметте.
- Жемқорлардан қайтарылған 100 млрд теңге мектеп салуға жұмсалады - Смайылов
- Алматы облысында полицей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерін қарумен қорқытқан (видео)
- Қаржы министрі өзі басқарып отырған ведомствода жемқорлар неге көп екенін түсіндірді
Агенттік сонымен қатар осы жылдың ақпан айынан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылатынын және кредиторлар комитетінің шешімі бойынша 25 қазаннан бастап зауытта аудит басталатынын жеткізді.
"Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ. Бұл ретте, оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жатады", - деп жалғады жауапты ведомство.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі зауыт басшылығының кеңсесін шкафтарда жасырын бөлмелері барын көрсеткен видео пайда болған. Бөлмелердің бірінде бильярд үстелі орналасқан.
"Семейдегі зауыттың жаңа жобаларына мемлекет қыруар қаржы бөлді, оның орнына басшылық өзіне сәнді кеңсе салып алған. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік не айтатынын көрейік", - деген жазбаның авторы.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?