Алматы облысында полицей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерін қарумен қорқытқан (видео)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі қару қолданып, агенттік қызметкерін қорқытқан полиция майорының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан азаматтық киімдегі адамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін атыс қаруын қолданып, қорқытқанын көруге болады.
“Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан”, – делінеген хабарламада.
Бұл дерек 22 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша тіркелген. Ал 29 қыркүйекте күдікті қамауға алынды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды