Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында жер сілкінісі салдарынан 47 үй қирады

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жел сілкінісі салдарынан 47 үй қирандының астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Синьцзян жибао" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

жер сілкінісі

Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы, Ақсу округіне қарасты Уши (Учтурфан) уезінде болған 7,1 балдық жер сілкінісінен алты адам зардап шекті.

"Сейсмологтар магнитудасы 3-тен 5,3-ке дейінгі 43 афтершокты тіркеді. Жер сілкінісінен кейін жергілікті билік өрт, медициналық және коммуникациялық қызметтерді зардап шеккен аудандарға жіберу арқылы төтенше жағдайлар жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Соңғы мәліметтер бойынша, екі адам ауыр жарақаттанса, тағы төртеуі жеңіл жарақат алды, 47 үй толығымен қирады, 78-і зақымданды", – деп жазылған газетте.



Айта кетсек, қырғыз-қытай сейсмология институтының мәліметтері бойынша Қырғызстан-Қытай шекарасында 23 қаңтарда түнде және таңертең 5,5-тен 8 балға дейінгі 6 жер сілкінісі тіркелген. Ал Алматыда 44 адам зардап шекті, оның ішінде 10-ы бала.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау