Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "инфосығандарға" тыйым салу талап етілді

Қазақстанда инфосығандарға қарсы онлайн петиция жарияланды. Авторлар практикалық құндылығы жоқ түрлі нұсқаулықтарды, курстар мен кітаптарды сатуға заңды түрде тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: alash.online

Петицияда "инфосығандардың" өздерін аудиторияға қаржылай өскен, қалталы бизнес-тренерлер, жаттықтырушылар және мотиваторлар ретінде таныстыратыны айтылған. Тіпті олардың өз курсы арқылы қомақты қаржы табуға уәде беретіні жазылған. 

"Бұл адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсетіп, пайдасыз ғана емес, шындыққа жанаспайтын, тіпті зиянды ақпаратты насихаттайды. Сонымен қатар елімізде инфосығандардың таралуы шын мәнінде құнды ақпараттық өнімдерді ұсынатын нағыз сарапшылардың беделіне кері әсерін тигізуде", - делінген мәтінде.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты петиция авторлары пайдасыз ақпараттық өнімдерді жасау және сатумен айналысатындардың жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауды талап етті.

Талқылау