"Шындық детекторынан өтуге дайынмын": Соттағы жарыссөзде Бақытжан Байжанов сөз сөйледі
Бишімбаев ісіне қатысты жарыссөзде қылмысты жасырды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыссөзде Байжанов тек Бишімбаевтың тапсырмасын орындағанын айтып, ақталды. Сөзінше не істеп жатқанын өзі де түсінбеген. Ол бейнебақылау камераларында көріністің қандай болғанын білсе, оны жоймайтынын атап өтті.
"Неліктен бәрі маған “нашатыр пен жейдені лақтырып жіберді” деп сенімді түрде айтады? Бұл заттарды тіпті дұрыстап іздеген де жоқ қой. Мейрамханадағы басқа орындар тіптен тексерілмеді. Мүмкін олар әлі де сонда жатқан шығар? Мен шындық детекторынан өтуге дайынмын. Менің тағдырым сіздердің қолдарыңызда. Айтарым осы", – деді сотталушы.
Еске салсақ, бұған дейін сотта Байжановтың әйелі соттан балаларын әкесінен айырмауды сұраған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі