Шымкент тұрғыны бүкіл отбасына коронавирус таратқан: Індетті жұқтырған оның сегіз туысы анықталды
Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирусқа шалдыққан 8 адамның ауруды кімнен жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.
Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелгені айтылған еді.
Ұлттық қор қаржысын әлеуметтік нысандарға жұмсау тиімді ме: Экономист мұны талдап берді
Тоқаев қор қаражатын жай ғана сақтап отыруға қарсы екенін айтты
"Бұтыңды ашуды білесің, ал тууды білмейсің": Қазақстандық әйелдер босану кезінде акушерлерден қандай агрессия көргенін айтып берді
Әйелдердің 38%-ы босану кезінде айғайға, балағат сөзге, кемсіту мен мазаққа ұшыраған