Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 70 мың доллар алдым деген әншіге жауап берді
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамда шу болған әнші сөзіне жауап жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ғаламтордан
Экс-әкім өз жазбасын әлеуметтік желіде жариялады.
“Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді”, - деген жазба қалдырған.

Десе де, кейіннен Facebook-тегі парақшасын бұғатқа қойды ма, жоқ өшіріп тастады ма жоқ болды. Іздеу пәрмені арқылы оның жазбасын да, әлеуметтік парақшасын да таба алмайсыз.
Еске салайық, бұған дейін әнші Динара Әлжан Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент әкімі болып тұрған кезінде 70 мың доллар ақша мен 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын айтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
