Шымкенттік жігіт Тоқаевты комикс батыры кейпінде бейнеледі
Шымкенттік комикстер сценаристі Бек-Ата Даниял ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты комикстегі батырдың образында салды. Суретте мемлекет басшысының қолында екі отты қылыш бейнеленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar-kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы жігіт комикстердің сценарийін жазады. Өзі Англияда кино және телеарна мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі уақытта диссертациясын жазу үстінде. Жас жігіт елімізде бірде бір партияның қатарына кірмейтінін, тек мемлекет басшысын қолдағысы келгенін атап өтті.
Ол елге пайдалы болғысы келетінін, отандық комикс индустрияны дамытуға өз үлесін қосқысы келетінін жеткізді. Оның пікірінше, Қазақстанның әлеуеті зор, тиісті көңіл бөлінген жағдайда елімізде комикстер шығарып, анимациялық фильмдер түсіруге болады.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты