Шымкенттегі мейрамханадағы атыс: Үш күдікті Алматыда құрықталды
Шымкентте мейрамханада атыс ұйымдастырғандар Алматыда қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкенттің мамандандырылған соты күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды", - дейді полицей өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін оқиғаға қатысы барлар ұсталғаны айтылған еді. Алайда тәртіп сақшылары олардың санын жариялаудан бас тартқан болатын.
Алматыда құрықталған күдіктілер оқиға орнында болғандарын растаған.
"Қазіргі таңда қылмысқа қатыс бар басқа да күдіктілерді анықтау үшін тергеу-іздестіру амалдары жүргізілуде", - деп қосты ПД өкілдері.
Бір дастарқанға жиналған достардың арасында орнаған жанжалдың арты, атысқа ұласып, бір адам көз жұмған еді. Тағы бір ер азамат ауыр жарақатпен аурханаға түскен. Полицейлер қылмысқа қылмыс серкелері қатысы бар болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар