Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дастарқанға жиналған достар бір-біріне оқ атқан": Шымкенттегі мейрамханада болған атыс жайлы жаңа деректер айтылды

Шымкенттегі мейрамханада болған атысты ұйымдастырғандардың барлығы бір-бірімен таныс екені анықталды. Ал оқ атқан жігіт пен марқұм дос болған көрінеді. Арты қарулы қақтығысқа айналған кикілжіңнің нәтижесінде бір адам жараланып, тағы біреу қаза болған. Қазір полицейлер оқиғаға қатысы бар бес адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

 Арман

Жанжал шамамен кешкі сағат 6:00-де байларға арналған мейрамханаларда орын алған.  Алғашында дастарқан басында жиналған достардың бір-біріне қару атуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Оқ тиген 33 жастағы азамат сол жерде жан тапсырса, 35 жастағы Нұрғали Мырзабаев көп қан жоғалтып, жансақтау бөліміне түсіпті. Дәрігерлер науқастың өмірін аман алып қалу үшін екі сағат бойы ота жасапты. Қазір жарақат алған азаматтың палатасының алдына арнайы күзет те қойылыпты. 

"Кеуде қуысының ашық жарақаты, құрсақ қуысының жабық жарақаты. Екі балтырының оқ жарақатымен келіп түсті. Толық диагнозы сол және оқ жақ өкпе қуысының ашық жарақаты. Пневмоторакс. Құрсақ қуысының жабық жарақаты. 12 елі ішектің және тоқ ішектің зақымданған", - дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Естемесов.

Арна мәліметінше, атысқа қылмыс серкелерінің қатысы бар болуы мүмкін көрінеді. 
Мәселен  31 жастағы күдікті Дәуір Тәукеев «Дикий Арман» лақап  атымен танымал белгілі қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің сенімді серігі көрінеді. Десек те полиция қылмыстық топтар арасындағы жанжал деген нұсқаны қарастырып жатқан жоқпыз дейді. Өйткені атыс арасында болған жетеудің бәрі өзара достар екен.

"Тергеу жүріп жатыр, мен сіздерге айттым. Ол жерде бөлініп жатқан адамдар емес. Жаңағы бірге жүрген жігіттер. Дос боп жүрген. Мен сіздерге айтайын, қайтыс болған жігіт пен атқан деген күдікті екеуі жан жолдас. Иә, бірге жүрген. Енді қазір тергеу жүргізуіміз керек", - дейді Шымкент қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов.

Қазіргі кезде кісі өлтіру және заңсыз қару сақтау, тасымалдау баптарымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді. Күдіктілердің бірнешеуі қолға түскен, алайда полицейлер олар жайлы тіс жарып ешнәрсе айтпаған. 

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте мейрамханалардың бірінде атыс болғаны жайлы айтылған еді. 


"Дикий Арман" COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін әкім атынан алғыс хатпен марапатталды

Талқылау